"АК Алтыналмас" АҚ 2017 жылға артықшылықты акциялары бойынша қосымша дивиденд төлегені туралы хабарлады

02.08.17 16:19
/KASE, 02.08.2017/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АК Алтыналмас" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2017 жылдың 01 тамызында артықшылықты акциялары бойынша 2017 жылдың бірінші тоқсанынна бір акцияға 125,00 теңге көлемінде төлем жасағаны туралы хабарлады. Ұсынған ақпаратқа сәйкес артықшылықты акцияларды ұстаушылардың тізбесі диаиденд төлеу үшін 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша тіркелді. [2017-08-02]