"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ өзінің KZ2C0Y10C606 (KZ2C00001501, PDENb1) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

25.07.17 16:35
/KASE, 25.07.17/ - "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар) 2017 жылдың 24 шілдесінде өзінің KZ2C0Y10C606 (KZ2C00001501, PDENb1) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 8 380 751 587,50 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 7 887 766 200 теңгені, купондық сыйақысы – 492 985 387,50 теңгені құрады. [2017-07-25]