"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.07.17 12:47
/KASE, 18.07.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C05340019 жай акцияларының жалпы саны 147 364 847 дана, KZ1P05340115 артықшылықты акциялар саны – 1 250 дана; - компанияның 142 315 508 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компания өзінің 23 671 502 акциялары кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Энерго" АҚ болып табылады, оның меншігінде 118 644 006 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 83,37%) бар. [2017-07-18]