"ФРИДОМ ФИНАНС" АҚ KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, FFINB2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ 14 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

10.07.17 20:23
/KASE, 10.07.17/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – KASE немесе биржа) Басқармасының шешімімен "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, KASE альтернативтік сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, FFINb2; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 28.06.17 – 28.06.20; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360) индекстелген облигацияларына жазылым мерзімі 2017 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзартылды. Правлением KASE Басқармасы бұл шешімді Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу Ережелерінің (http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf)">http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf) 2 бабының 7 тармағы негізінде, "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) сатып алушылардан өтінімдер қабылдау кезеңінің аяқталу датасын 2017 жылдың 10 шілдесінен 14 шілдесіне дейін ұзарту туралы реми хатының биржаға келіп түсуіне байланысты қабылдады. Аталмыш хатқа сәйкес, биржаның Сатушыға қабылданған өтінімдер тізілімін ұсыну датасы – 2017 жылдың 17 шілдесі; Сатушыға қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін биржамен ұсыну датасы – 2017 жылдың 18 шілдесі; есептесулерді жүзеге асыру датасы – 2017 жылдың 19 шілдесі. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – бір миллиард теңге. Өтінімде баға ретінде, теңгемен көрсетілген, облигацияның "таза емес" бағасы белгіленуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен көрсетілген саны белгіленуі тиіс. Жазылым жүргізу шартымен берілген өтінімде облигациялардың максималды санына шектеу қойылмаған. Жазылым шегінде өтінімдер қабылдау жұмыс күндері алматылық уақытпен сағатт 10:00-ден 17:00-ге дейін. Жазылымжүргізгенде бағалы қағаздың коды – FFINb2. Жазылым шегінде тек, KASE сауда-саттық жүйесіне жабық түрде берілген, шектелімді өтінімдер қабылданады. Жазылымға қатысуға өтінімдер биржаға тек "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің тлық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, эмитентке ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне мыналар кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның толық атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; 3) жеке тұлғаның тұлғасын куәландыратын, құжаттың атауы мен деректемелері немесе заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат (нөмірі, құжаттың берілген күні мен берген органы); 4) жеке тұлғаның тұратын жері немесе заңды тұлғаның мекен-жайы; 5) Орталық депозитарийдің есеке алу жүйесінде бар және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпия болып табылмайтын, өзге ақпарат. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/bonds/show/FFINb2 мекен-жайында жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-07-10]