17 шілдеден бастап акциялардың алты атауымен мәміле Т+2 есептеулер сызбасымен жүзеге асады

05.07.17 10:49
/KASE, 05.07.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Басқармасының 2017 жылдың 04 шілдесіндегі шешімімен, келесі бағалы қағаздар Биржа олармен мәмілелері бойынша клирингтік қызмет жүргізетін, қор нарығының қаржы құралдары тізіміне енгізілді: - "Ақтөбе металл құрылымдар заводы" АҚ KZ1C60260011 (KZ1C00001288, KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, AKZM) жай акциялары; - "Казкоммерцбанк" АҚ KZ1P00400112 (KZ0005416453, KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KKGBp) артықшылықты акциялары; - "Қазақтелеком" АҚ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары; - "Газпром" БАҚ RU0007661625 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RU_GAZP) жай акциялары; - "Ростелеком" БАҚ RU0008943394 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RU_RTKM) жай акциялары; - "Аэрофлот - ресей әуежелілері" RU0009062285 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RU_AFLT) жай акциялары. 2017 жылдың 07 шілдесінен бастап аталмыш акциялармен мәмілелер Қазақсан қор биржасында Т+2 есептеулер сызбасы бойынша клиринг қызметін қолдану арқылы орындалады. Биржа мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын қор нарығының қаржы құралдары тізбесіне енгізу тәртібі KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf мекен- жайында жарияланған. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру ережесі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/clearing_rules.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-07-05]