"Сбербанк Росcии" Еншілес Банкі АҚ өз клиенттеріне картамен есеп айырысқаны үшін сауда жасаған сомасының 1,2%-ына дейін қайтарып беретіні туралы хабарлады

04.07.17 12:16
/KASE, 04.07.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ (Қазақстан) Еншілес ұйымы АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2017 жылдың 04 шілдесіндегі ақпараттық хабарламаны үсынды: цитата басы Енді Сбербанк карталарының иелері өз сауда-саттықтары үшін ақшаларын қайтарып ала бастайды. Cashback тек тауарлар мен қызметтерді POS- терминал арқылы төлегені үшін ғана емес, сонымен бірге картамен интернетте сауда жасағаны үшін де жасалатын болады. "Бүгінде Сбербанк өзінің барлық клиенттеріне қаржы нарығындағы ең жоғары Cashback-тердің бірін қуана ұсынады, - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары Алексей Акимов». – Ақша қайтару банк картасының көмегімен жасалған кез келген сауда-саттық үшін есептеледі. Бұл сервис барлық бұрын және жаңадан шығарылған карталарда қолданылады". Сауда-саттық жасаған клиент SMS бойынша қайтарылған ақша сомасы туралы ақпарат алады, ал айдың соңғы күні барлық сауда-саттық үшін Cashback карта иесінің шотына аударылады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_040717_kz.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2017-07-04]