"Фридом Финанс" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

04.07.17 10:21
/KASE, 04.07.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Фридом Финанс" АҚ ("Фридом Финанс" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C54860016 жай акцияларының жалпы саны 5 000 000 дана; - компанияның 2 564 650 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Фридом Финанс" Инвестициялық компаниясы ЖШҚ болып табылады, оның меншігінде 2 563 150 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,94%) бар. [2017-07-04]