"Фридом Финанс" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
04.07.17 10:21
/KASE, 04.07.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Фридом Финанс" АҚ ("Фридом Финанс" АҚ, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017
жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C54860016 жай акцияларының жалпы саны 5 000 000
дана;
- компанияның 2 564 650 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Фридом Финанс" Инвестициялық
компаниясы ЖШҚ болып табылады, оның меншігінде 2 563 150 жай акциясы
(компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,94%) бар.
[2017-07-04]