"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

04.07.17 10:19
/KASE, 04.07.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C55020016 жай акцияларының жалпы саны 409 928 394 дана; - компанияның 379 482 731 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" мемлекеттік мекемесі ЗТ болып табылады. [2017-07-04]