03 шілде күні Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында өзінің МЕУКАМ-120 18-ші шығарылымын (KZKDKY100185) жылдық 9,00 % пайызбен орналастыру арқылы 250 млрд теңге тартты
03.07.17 18:17
/KASE, 03.07.17/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық
жүйесінде Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік орта
мерзімдік қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 (KZKDKY100185)
жазылым арқылы алғаш рет орналастырды. Жарияланған эмиссия көлемі
номиналы 1000 теңгеден 250 млн облигацияны құрады.
Сауда-саттық мәні үтірден кейін екінші белгіге дейінгі дәлдікпен жылдық
пайызбен белгіленген купон мөлшерлемесі болып табылады. Жазылымға
қатысу үшін өтінімдерді Биржа мүшелері сауда-саттық жүйесіне астана
уақытымен (AST) сағат 09:00-ден 09:30- ға дейін жабық тәсілмен жүргізді.
Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданды. Есептеу кестесі –
Т+0.
Жазылым нәтижесі бойынша эмитент купон мөлшерлемесін жылдық 9,40 %
көлемінде белгіледі, орналастыру көлемі 250,0 млрд теңге.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне
сәйкес МЕУКАМ-120 18-ші шығарылымын орналастыру бойынша барлық
мәмілелер сауда-саттық нәтижесі бойынша есептеулер аяқталған сәтте
орындалды.
[2017-07-03]