03 шілде күні Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында өзінің МЕУКАМ-072 12-ші шығарылымын (KZKDKY060124) жылдық 9,10 % пайызбен орналастыру арқылы 250 млрд теңге тартты

03.07.17 17:53
/KASE, 03.07.17/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік орта мерзімдік қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-072 (KZKDKY060124) жазылым арқылы алғаш рет орналастырды. Жарияланған эмиссия көлемі номиналы 1000 теңгеден 250 млн облигацияны құрады. Сауда-саттық мәні үтірден кейін екінші белгіге дейінгі дәлдікпен жылдық пайызбен белгіленген купон мөлшерлемесі болып табылады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдерді Биржа мүшелері сауда-саттық жүйесіне астана уақытымен (AST) сағат 09:00-ден 09:30- ға дейін жабық тәсілмен жүргізді. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданды. Есептеу кестесі – Т+0. Жазылым нәтижесі бойынша эмитент купон мөлшерлемесін жылдық 9,40 % көлемінде белгіледі, орналастыру көлемі 250,0 млрд теңге. "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес МЕУКАМ-072 12-ші шығарылымын орналастыру бойынша барлық мәмілелер сауда-саттық нәтижесі бойынша есептеулер аяқталған сәтте орындалды. [2017-07-03]