"Сбербанк Росcии" АҚ “Нұрлы Жер” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бірегей шарттары бар ипотеканы іске қосты туралы хабарлады

03.07.17 11:59
/KASE, 03.07.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Сбербанк Росcии" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Сбербанк “Нұрлы Жер” мемлекеттік бағдарламасына қатысу аясында ипотекалық кредиттер бере бастағандығы туралы хабарлайды. Сбербанктің клиенттері бірегей шарттарға ие болады. Мемлекеттік субсидиялау мерзімі аяқталғаннан кейін заемшыға арналған кредит бойынша мөлшерлеме 10,5%-ды құрайды. “Нұрлы Жер” бағдарламасының шарттарына сай, мемлекет сыйақы мөлшерлемесі жылдық 17%-дан аспайтын банктік ипотекалық заемдар бойынша пайыздар бөлігін “Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы” ИҰ” АҚ қаржы агенті арқылы субсидиялайды. 7%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қарастырылады. Мемлекеттік субсидияның мерзімі 10 жылды құрайды. цитата соңы [2017-07-03]