"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ Қызылорда облысы агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру туралы хабарлады

28.06.17 16:04
/KASE, 28.06.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына төмендегіні хабарлады: цитата басы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің Қостанай облысының АӨК қолдаудың жалпы көлемі 2016 жыл және 2017 жылдың мамыр айындағы кезеңдерде 51,7 млрд. теңгені құрады. Жалпы республика бойынша аталған кезеңде Холдингпен агросекторды қаржыландырудың жалпы сомасы 360,1 млрд. теңгені құрайды. Холдингтің инвестициялық қоржынында Қостанай облысы бойынша құны 31,1 млрд.теңгенің 38 жобасы бар. Құрылған жұмыс орындары - пайдалану кезеңінде 1226. Аймақ бойынша Холдингпен қаржыландырылған барлық жобалар пайдалануға берілді. Саладағы аса ірі жобалардың қатарында: - «Жас-Қанат-2006» ЖШС – қуаттылығы жылына 65 млн. дана жұмыртқа өндіретін жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы. 2007 жылы іске қосылды; - «Қарасу - Ет» ЖШС, «Қараман-К» ЖШС – 2,5 мың бордақылау орнына арналған бордақылау алаңы және қуаттылығы 5400 тонна ет өндіретін ет комбинаты. Жобалар 2010 жылы пайдалануға берілген; - «Садчиковское» ЖШС – қуаттылығы 2600 тонна сүт өндіретін сүт тауарлы фермасы. 2010 жылы пайдалануға берілді; - «Терра» ЖШС – 800 басқа арналған репродуктор-шаруашылық, 8000 бордақылау орнына арналған бордақылау алаңы және 2100 тоннаға арналған астық қоймасы. Жобалар 2012 жылдан бастап 2016 жыл аралығында кезең-кезеңмен пайдалануға берілді; - «Olzha Storage» ЖШС – қуаттылығы 40 мың тонна астық қоймасы. Жоба 2015 жылы пайдалануға берілді; - «Бек+» ЖШС – өндірістік қуаты 7200 тонна сүт өндіретін сүт-тауарлы фермасы. 2016 жылы Қостанай облысында «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 1,8 млн.га егістік алаңында 755 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды. Жалпы Холдингтің инвестициялық қоржыны ағымдағы жылдың мамыр айының басында жалпы құны 335 млрд. теңгенің 530 инвестициялық жобасын құрайды, пайдалану кезінде шамамен 16,5 мың жұмыс орны құрылды. Қазіргі уақытта жалпы құны 297 млрд.теңгенің 506 инвестициялық жобасы пайдалануға берілді, шамамен 15,8 мың жұмыс орны құрылды. Оның 2016 жылы жалпы құны 42 млрд.теңгенің 57 инвестициялық жобасы іске қосылды, 1,8 мың жұмыс орны құрылды. Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуді қолдау шеңберінде «ҚазАгро» холдингіне Қостанай облысының агроқұрылымдарынан 132 АШТӨ өтінімдер келіп түсті. Оның бүгінгі таңда 6 млрд.теңге сомасына 101 АШТӨ қаржыландырылды, егістік алаңы 244,7 мың га, соның ішінде басым дақылдарға арналғаны 37,5 мың га. Ағымдағы жылдың 1 мамырында жалпы республика бойынша ауылшаруашылық техникасы және жабдықтарының лизингі бойынша 857 бірлікті сатып алу үшін 9,7 млрд.теңге бағытталған, оның Қостанай облысы бойынша 79 бірлік техника сатып алу үшін 0,7 млрд.теңгесі бөлінді. 2017 жылдың 4 айы ішінде Холдингпен облыста 6 ауылшаруашылық кооперативтерін (АШК) құру ынталандырылды, жалпы қатысушыларының саны 338 адам. Жалпы республика бойынша - 208 ауылшаруашылық кооперативтері бар, жалпы қатысушылар саны 7689 адам. Холдингтің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ желісі бойынша барлығы 6,3 млрд.теңге сомасына 2 147 ауылшаруашылық кооперативтерінің мүшелері және 0,25 млрд.теңге сомасына 46 АШК қаржыландырылды, с.і. Қостанай облысы бойынша 0,4 млрд.теңге сомасындағы көлемде 180 АШК қатысушылары қаржыландырылды. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді. цитата соңы [2017-06-28]