12 МАУСЫМНАН 26 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "АСТАНА БАНКІ" АҚ KZ1C56630011 (KZ1С00001023, ABBN) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗУ АЯСЫНДА ЖАЙ АКЦИЯЛАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ

28.06.17 12:11
/KASE, 28.06.17/ – Бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2016 жылдың 12 маусымынан 26 маусымына дейін KASE сауда-саттық жүйесінде "Астана Банкі" Ақ (Алматы) KZ1C56630011 (KZ1С00001023, KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, ABBN) жай акцияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетіні туралы хабарлаған. Аталмыш акцияларға жазылым барысында сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Сатушы) өкілденген. KASE Басқармасының 2017 жылдың 27 маусымындағы шешімімен "Фридом Финанс" АҚ өтініші негізінде орналастырылатын акциялардың саны – 4 347 826 данадан 5 652 174 данаға арттырылды. KASE өткізілген жазылым бойынша есептеулерді жүзеге асыру күні – 2017 жылдың 29 маусымы. [2017-06-28]