"Фридом Финанс" АҚ KZP01Y03F543 (KZ2С00003945, FFINb2) облигациялары KASE ресми тізімінің KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына 28 маусымнан бастап енгізілді

28.06.17 11:56
/KASE, 28.06.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 23 маусымындағы шешімімен "Фридом Финанс" АҚ (Ақтау) KZP01Y03F543 (KZ2С00003945; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 28.06.17 – 28.06.20; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына бойынша енгізуге келісім берілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 28 маусымынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 2.2 қосымшасы 5 тарауының 1 тармағында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше FFINb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ffin мекен-жайында танысуға болады. [2017-06-28]