/KASE, 28.06.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 23 маусымындағы
шешімімен "Фридом Финанс" АҚ (Ақтау) KZP01Y03F543 (KZ2С00003945;
1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 28.06.17 – 28.06.20; жартыжылдық купон,
жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің балама
сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына бойынша енгізуге келісім
берілді.
Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың
28 маусымынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 2.2
қосымшасы 5 тарауының 1 тармағында анықталған шарттарды орындауына
байланысты, күшіне енгізілді.
Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы
ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Еуразиялық Капитал" АҚ
(Алматы) болып табылады.
Аталмыш облигацияларға тиісінше FFINb2 қысқартылған белгілері (сауда-
саттық кодтары) берілді.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен
KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ffin
мекен-жайында танысуға болады.
[2017-06-28]