/ӨЗГЕРТІЛДІ/ 12 МАУСЫМНАН 26 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "АСТАНА БАНКІ" АҚ KZ1C56630011 (KZ1С00001023, ABBN) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

26.06.17 17:17
/KASE, 12.06.17, 08.06.17 орналастырылған акциялардың саны артуына байланысты қайта таратылды/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2016 жылдың 12 маусымынан 26 маусымына дейін KASE сауда- саттық жүйесінде "Астана Банкі" Ақ (Алматы) KZ1C56630011 (KZ1С00001023, KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, ABBN) жай акцияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетіні туралы хабарлайды. Аталмыш акцияларға жазылым барысында сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Сатушы) өкілденген. Орналастырылатын акциялардың саны – 4 347 826 дана. Аталмыш акциялардың орналастыру бағасы – бір акцияға 1 150 теңгеден. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2016 жылдың 12 мауымында жұмыс күндері, алматы уақытымен сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін. Жазылым кезіндегі бағалы қағаздың коды – ABBN. Жазылым шегінде, KASE сауда- саттық жүйесіне жабық әдіспен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдерде жазылым жүргізуге акциялардың максималды санына шектеулер белгіленбеген. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдер тізілімін беру күні – 2017 жылдың 27 маусымы; Сатушының биржаға қанағаттырылған өтінімдер тізілімін беру датасы – 2017 жылдың 28 маусымы; есептесулерді жүзеге асыру датасы – 2017 жылдың 29 маусымы. Есеп айырысуларды "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздардың сатып алушылары бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарий" АҚ 2017 жылдың 29 маусымында алматы уақытымен сағат 09:00-ге дейін шоттарында болуын қамтамасыз етуі тиіс. Жазылымға қатысуға өтінімдерді биржаға "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беруге болады. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында жарияланған. Жазылым өткізу шарттарына сәйкес, аталмыш акциялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпараттың тізіміне келесідей мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлға болып табылатын инвестордың толық атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаны БСН; 3) азаматтығы немесе, заңды тұлға соның заңнамасына сәйкес тіркелген, мемлекет; 4) жеке тұлғаны куәлендыратын / заңды тұлғаның тіркеуін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері (тұрпаты, нөмірі, берілген күні және құжатты берген орган); 5) Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бар, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпия болып табылмайтын, өзге ақпарат. Бағалы қағаздарға жазылым өткізу ережелері KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/shares/show/ABBN мекен-жайында жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылу тәртібі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-06-26]