"Фридом Финанс" АҚ KZP01Y03F543 (KZ2С00003945, FFINb2) облигациялары Қазақстан қор биржасында "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

26.06.17 14:48
/KASE, 26.06.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 23 маусымындағы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZP01Y03F543 (KZ2С00003945; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді: Аталмыш шешімнің өз күшіне ену датасы туралы, аталған эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2. қосымшасы 5 тарауы 1 тармағының шарттары орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2017 жылдың 09 маусымында жалпы сомасы 20,0 млрд теңгеге тіркелген, "Фридом Финанс" АҚ облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылымдары, сәйкесінше KASE листинг рәсімінен өткен, аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының екінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға тиісінше FFINb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпараттар Листингілік комиссияның шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2017-06-26]