"Казкоммерцбанк" АҚ К. Ракишевке тиесілі KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KKGB) жай акцияларының үлесін 86,09 % арттырғаны туралы хабарлады

23.06.17 18:04
/KASE, 23.06.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2017 жылдың 23 маусымында баспасөз хабарламасын хабарлады: цитата басы Қазкоммерцбанк («Банк» немесе «ҚКБ») өзінің ірі акционері К.Рақышев мырзадан, оның «Qazaq Financial Group» АҚ-на, Н.Субханбердин мырзаға және «Орталық-Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ-на (ОАИК) тиесілі Банктің жай акцияларын сатып алғаны жөнінде хабар алғанын хабарлайды. 2017 жылғы 2 маусымда (ҚР Қаржы министрлігі атынан) Қазақстан үкіметімен, ҚР Ұлттық Банкпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «БТА Банк» АҚ, ҚКБ, К.Х.Рақышев мырза және «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мен қол қойылған шекті келісімнің шартына сәйкес, сондай-ақ 2017 жылғы 15 маусымда ҚКБ-ның 86,09% жай акциясын сатып алу жөнінде Халық Банк пен К.Рақышев мырза арасында қол қойылған сату-сатып алу келісімшарттың аясында К.Рақышев мырза: ( ОАИК-тан – ҚКБ-ның 70 074 945 жай акцияларын; ( Н. Субханбердин мырзадан – ҚКБ-ның 47 800 962 жай акцияларын; ( «Qazaq Financial Group» АҚ-нан – акциялар және жаһандық депозитарлық қолхаттар түрінде ҚКБ-ның 223 922 790 жай акцияларын сатып алды. Аталған мәмілелердің нәтижесінде К.Рақышев мырзаның ҚКБ-дағы тікелей үлесі 43,23%-дан 86,09%-ға дейін өсті. «Qazaq Financial Group» АҚ-ы, Н.Субханбердин мырза және ОАИК Банктің акционерлер құрамынан толығымен шықты. Байланыс үшін: Алма Бұйрақұлова, Вадим Ядрихинский, Investor Relations тел.:+7 (727) 2 585-125, E-mail: investor_relations@qazkom.kz Лариса Коковинец, Корпоративтік коммуникациялар қызметі тел.: +7 (727) 2 585-456, 2 585-392, E-mail: pr@qazkom.kz цитата соңы [2017-06-26]