Қазақстан қор биржасында "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ KZ2C0Y01F525 облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу 20 маусымға жоспарлап отыр

15.06.17 19:34
/KASE, 15.06.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау) KZ2C0Y01F525 (1 000 теңге; 1,5 млрд теңге; 1,5 млрд теңге; 14.06.17 – 14.06.18; жартыжылдық купон, жылдық 15,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) 2017 жылдың 19 маусымына жоспарланған арнайы мамандандырылған сауда-саттық 2017 жылдың 20 маусымына ауыстырылды деп хабарлайды. ----------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZ2C0Y01F525 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: 1 500,0 Айналыста болудың алғашқы күні: 14.06.2017 Айналыста болудың соңғы күні: 13.06.2018 Өтеудің басталу күні 14.06.2018 Айналыста болу мерзімі: 1 жыл (360 күн) Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет Купон мөлшерлемесі жылдық 15 % Купонды төлеу күні: 1 14 желтоқсанда және 14 маусымда Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ------------------------- Сауда-саттық күні: 20.06.17 Өтеуге дейінгі мерзім, күн: 354 Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 1 500,0 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, 0 %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:00 Кесім уақыты: 15:30 Төлеу уақыты: 20.06.17 Төлем уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі кесімді бағаға тең қарама -қарсы өтінімдердің шектеулі бағасы немесе сатып алушыға қолайлы баға бойынша Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "BCC Invest" - "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы - Сауда-саттық жүйесі тобы - ----------------------------------------------------------------------- Арнайы мамандандырылған сауда-саттық аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілген соң өткізіледі. Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы ақпарат http://www.kase.kz/ru/bonds/show/MREKb10 мекен-жайы бойынша жарияланған. [2017-06-15]