"ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру" АҚ ҚМГ БӨ «Карповский Северный» ЖШС-нің 49% үлесін сатып алғаны туралы хабарлады

16.06.17 14:30
/KASE, 16.06.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE), 2017 жылдың 16 маусымында төмендегіні хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") MOL Hungarian Oil and Gas Plc. (“MOL”) компаниясынан 1 (бір) АҚШ долларына Карповский Северный ЖШС-нің ("КС") 49% үлесін сатып алғандығы туралы хабарлайды. Осылайша, ҚМГ БӨ 100% қатысу үлесімен КС-тің жалғыз акционері болды. Реттеу органдарының барлық қажетті рұқсаттары алынды. Компания Акционерлердің келісіміне сәйкес КС үлесін сатып алуға өзінің басымдық құқығын пайдаланды. КС Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысындағы "Карповский Северный" учаскесінде мұнай, газ және конденсатты барлауға Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие. «Карповский Северный» блогы Федоровский блогы мен басқа да жұмыс істеп тұрған кен орындарына жақын маңайда, Орал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. цитата соңы [2017-06-16]