"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ БАНКТІҢ ІРІ АКЦИОНЕРЛЕРІ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫМЕН САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНА ҚОЛ ҚОЙҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ
15.06.17 15:15
/KASE, 15.06.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына
(KASE), 2017 жылдың 15 маусымында баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Бұл хабарламамен «Казкоммерцбанк» АҚ («Казкоммерцбанк») бүгін
К.Х.Рақышев мырза мен «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ («Халық банкі»)
арасында, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-ы («Самұрық-Қазына»)
мен Халық банкі арасында сату-сатып алу келісімшарттарына қол қойылғаны
жөнінде хабарлайды және осы шартқа сәйкес К.Х.Рақышев мырза мен
Самұрық-Қазына қоры өздеріне тиесілі Қазкоммерцбанктің акциялары пакетін
Халық банкіге әр пакетін 1 теңгеге сататын болды.
Аталған сату-сатып алу келісімшарттарына қол қою 2017 жылғы 2 маусымда
ҚР Үкіметімен, ҚР Ұлттық Банкпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ,
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, Халық Банкі, «БТА Банк» АҚ және
Қазкоммерцбанк пен К.Х.Рақышев мырзамен қол қойылған Шекті Келісіммен
қарастырылған.
Осы Мәміленің аяқталуы алдын-ала қарастырылған бірқатар шарттардың
орындалуына байланысты, олар:
- «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның «БТА Банк» АҚ-нан
жекелеген активтері мен талап ету құқығын сатып алуы;
- БТА Банктің Қазкоммерцбанк алдындағы 2,4 трлн теңге шамасында
ссудалық берешегін өтеуі;
- Н.С.Субханбердин мырзаға және «Орталық-Азия инвестициялық
компаниясы» АҚ-на тиесілі Қазкоммерцбанктің акциялар пакетін
К.Х.Рақышев мырзаның сатып алуы және кейін оларды Халық банкіге
сатуы;
- Қазақстанда бақылаушы органдардан стандартты және
қолданылатын өзге де заңды рұқсаттарды алуы.
Мәміле жабылған соң Халық банк 96,8% үлесімен Қазкоммерцбанктің негізгі
акционері болады.
Аталған Мәміле 2017 жыл ішінде аяқталады деп күтілуде.
цитата басы
[2017-06-15]