Банк ВТБ Еншілес ұйымы" АҚ (Қазақстан) Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына келіскені туралы хабарлады

15.06.17 14:40
/KASE, 15.06.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ Еншілес ұйымы" АҚ (Қазақстан) (Алматы), ресми хатпен 2017 жылдың 15 маусымында төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банктерді қадағалау департаменті Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Ильнар Ильшатович Шаймардановты қосуға келісімін берді. Шешім тестілеудің оңды нәтижесінің негізінде қабылданды. Ильнар Шаймарданов Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде 2017 жылдың 24 ақпанында тағайындалды. Сонымен қатар, Вице-президенттің, Департамент директоры орынбасарының, ВТБ 24 Бөлшек бизнес стратегиясы мен даму департаментінің Халықаралық бизнес басқармасы бастығының қызметін атқарады. Ильнар Ильшатовичтің қаржы-экономикалық саласында көпжылдық кәсіби тәжірибесі бар. Бұрын ол шағын және орта бизнес сияқты банк қызметтерінің сегменттерін ойдағыдай басқарды, аймақтық желілер құрды, тәуекелдер талдауын жүргізді; халықаралық банк топтарының көптеген ірі көлемді жобаларында қатысты. ВТБ тобының құрылымында 3 жылдан артық жұмыс істейді. - Бүгін Банк ВТБ (Қазақстан) қызықты даму кезеңіне аяқ басты: ол нарықтағы өз орнын тапты, орнын нығайтты, ел ішінде филиалдардың тармақталған желісін құрды және бизнестің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа даму стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Мен банкте өз жұмысымды осы кезеңде бастағаныма қуаныштымын және жоғары кәсіби ұжыммен бірге алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетініме сенімдімін, - деп, атап өтті Ильнар Шаймарданов. цитата соңы [2017-06-15]