"Кселл" АҚ KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) жай акциялары бойынша 2016 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

15.06.17 12:04
/KASE, 15.06.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы, одан әрі – Қоғам), биржаға (KASE), 2017 жылдың 14 маусымында төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Кселл" (одан әрі "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL) акционерлік қоғамы – Қазақстандағы кірісі мен абонеттік базасы көлемі бойынша телекоммуникациялық нарығындағы алдыңғы қатардағы оператор бір жай акцияға 58,39 теңге көлемінде дивиденд төлегені туралы хабарлады. Дивиденд көлемі 11 678 миллион теңгені құрады. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен Компанияның таза табысы 2017 жылға 11 678 миллион теңгені құрады. Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2017 жылдың 25 мамырындағы жағдайы бойынша жасалған. Дивиденд төлеу акционерлердің банктік шотына аудару арқылы төленді. цитата соңы [2017-06-15]