"Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ KZ2C0Y01F525 (KZ2C00003937, MREKb10) облигациялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "комерциялық облигациялар" санатына 07 маусымнан бастап енгізілді

14.06.17 17:23
/KASE, 14.06.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 13 маусымындағы шешімімен "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау) KZ2C0Y01F525 (KZ2C00003937; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 14.06.17 – 14.06.18; жартыжылдық купон, жылдық 15,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "комерциялық облигациялар" санатына бойынша енгізуге келісім берілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 14 маусымынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 6 тарауының 1 тармағы 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ қаржы кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше MREKb10 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/mrek мекен-жайында танысуға болады. [2017-06-14]