2017 жылдың 14 маусымынан бастап маркет-мейкер қызметінің Ережесіне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

14.06.17 10:59
/KASE, 14.06.17, / – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 13 маусымындағы шешімімен "Маркет- мейкерлердің қызмет ережесі" (Ереже) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 2 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) 2017 жылдың 14 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетулермен маркет-мейкерлер үшін юань бойынша Қытай Халық Республикасының міндетті баға белгілеулер үшін спрэд максималды мәні 0,03-тен 0,07 теңгеге артты. Сонымен қатар, егер қандай да бір сауда-саттық күні KASE есептесуі юаньмен қаржы құралдары бойынша сауда-саттық жүргізбесе, онда, маркет-мейкер ол күні қаржы құралдары бойынша міндетті баға белгілеулерге қолдау көрсетпеуге құқылы екендігі анықталды. Ереженің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында таяу уақытта жарияланады. [2017-06-14]