/ҚАЙТАЛАУ/ 14 маусымда Қазақстан қор биржасында "АК Алтыналмас" АҚ KZ1C04450017 (KZ1C00001080, ALMS) жай акцияларын сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізуді жоспарлауда

13.06.17 11:29
/KASE, 13.06.17, 05.06.17 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы) KZ1C04450017 (KZ1C00001080,, KASE ресми тізімі, негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты, ALMS) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. ------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: жай акциялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZ1C04450017 ISIN: KZ1C00001080 KASE сауда-саттық коды: ALMS Акциялардың жалпы саны, дана: – жарияланған: 50 000 000 – орналастырылған: 10 000 000 --------------------------------------------- --------------------- Сауда-саттық күні: 14.06.17 Жарияланған сауда-саттық көлемі, дана: 10 000 000 Лот көлемі, дана 250 000 Сауда-саттық заты: акция бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, 0 %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:00–15:30 Өтінімдерді растау уақыты: 15:00–16:00 Кесім уақыты: 16:30 Төлеу уақыты: 14.06.17 Төлем уақыты: 16:30 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі кесімді бағаға тең; өтінімдер Биржаның қарама-қарсы өтінімдерін қабылдау уақыты бойынша қанағаттандырылады Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы Eqs_Liq_ST3 Сауда-саттық жүйесі тобы Second_List_ST3 ------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, акциялардың теңгемен көрсетілген, үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін дәлдікпен бір акцияның бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде акциялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінім көлемі акция саны мен өтінім бағасының туындысына тең болуы тиіс. Қаржы құралының саны лот көлеміне тең немесе лот көлеміне бөлінетін болуы тиіс. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпаратпен http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ALMS мекен-жайында танысуға болады. [2017-06-13]