KASE Директорлар кеңесі Листингілік комиссия туралы қағидаға енгізілген түзетулерді бекітті

12.06.17 17:56
/KASE, 12.06.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 08 маусымындағы шешімімен "Листингілік комиссия туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 6 өзгертулер мен толықтыруларды (түзетулерді) бекітті. Осы түзетулердің қолданысқа енгізілетін күні туралы қосыша хабарланады. Түзетулер мына мақсаттарда енгізілді: –Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылыдң 19 желтоқсанындағы № 249 қаулысымен бекітілген, Сауда-саттық ұйымдастырушысының ұйымдастырушылық құрылымына және қор биржасының листингілік комиссиясының құрамына қойылатын талаптарға (Талаптар) енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкестендіру; –2017 жылдың 01 шілдесінен бастап жаңа редакциясы қолданысқа енгізілетін, "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатына сәйкестендіру; –процедуралық нақтылауларды енгізу. Жоғарыда аталмыш Талаптарға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға мыналарды қамтиды: –Листингілік комиссия мүшелерінің минималды саны жеті адамнан бес адамға дейін азайтылды; –Листингілік комиссияның құрамы мыналар арасынан қалыптастырылады: қор биржасы Басқармасының мүшелерінен; қор биржасының Директорлар кеңесінің мүшелеріне; "Қазақстан қаржы ұйымдарының ассоциациясы" ЗТҰ өкілдеріне; –листингілік комиссияның отырысында қандай да бір листингілік комиссия мүшесі жүйелі түрде (он екі күнтізбелік ай аралығын үш және одан аса рет) қатыспаса, қор биржасының Директорлар кеңесінің қарауына осы мүшені қайта сайлау туралы сұрағы ұсынылады. Қағиданың жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/listing_com.pdf мекен-жайында жарияланады. [2017-06-12]