АНОНС: 20 МАУСЫМДА KASE "ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖӘНЕ МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ЕТУ НЕГІЗДЕРІ" АТТЫ ОҚУ БАҒДАРЛДАМАСЫН ҰСЫНАДЫ

12.06.17 15:16
/KASE, 12.06.17/ – Қазақстан қор биржасы (Биржа или KASE) 2017 жылдың 20 маусымында "инвесторлармен және мүдделі тараптармен өзара әрекет ету негіздері" атты оқыту іс-шарасын өткізеді. Аталмыш іс-шараны KASE қор нарығының кәсіби кеңесшілерімен бірге жүргізеді. Іс-шараға қатысу тегін. Өтетін орны: Алматы қ, Гоголь көшесі, 111, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, өтетін уақыты – алматы уақытымен сағат 09:30 - дан 13:30 - ге дейін. Сонымен қатар, осы іс-шара аясында Биржаның ресми тізімінің құрылымы өзгеруіне және Листингілік ережелердің жаңа редакциясына қатысты мәселелер талқыланады. Негізгі спикерлер Биржаның өкілдері мен "Фридом Финанс" АҚ, "Thomson Reuters" ЖШС, "CSI Media and Communications" ЖШС жетекші сарапшылары болып табылады. Барлық сұрақтар бойынша жобаның кураторы Айнагүл Искаковаға мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (727) 237 53 00 (ішкі.: 1598); +7 701 760 0281; эл. почта: a.iskakova@kase.kz, customers@kase.kz. Осы хабарлама туралы нақты ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/events/show/2017/event_20_06_17 мекен-жайында танысуға болады. [2017-06-12]