KASE БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНА АРНАЛҒАН АЙ САЙЫН ӨТЕТІН МЕДИА-БРИФИНГ ФОРМАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАҚШЫ

11.05.17 15:43
/KASE, 11.05.17/ – Қазақстан қор биржасы (Биржа немесе KASE), бүгін 2017 жылдың сәуір айындағы биржалық нарықтың даму көрсеткіштері мен трендтері туралы Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдерін ақпараттандырған медиа-брифинг өткізді. Сәуір айының қорытындысы бойынша KASE сауда-саттықтарының жалпы көлемі 14 395,6 млрд теңгеге жетті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 4,1 % немесе 571,3 млрд теңгені құрады. Негізгі өсімді репо мен валюталық своп операциялары жататын, ақша нарығы (+520,8 млрд теңге) мен бағалы қағаздар нарығы (+95,7 млрд теңге) қамтамасыз етті. Бағалы қағаздардың, шет елдік валюталардың, жедел келісім-шарттардың, сондай-ақ қаржы нарығы (репо мен своп) көрсеткіштері туралы нақты ақпарат Биржаның баспасөз хабарламасында берілген http://www.kase.kz/files/press/ru/11_05_2017_Briefing.pdf [2017-05-11]