01 МАУСЫМНАН БАСТАП KASE РЕСМИ ТІЗІМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ӨЗГЕРЕДІ

31.05.17 17:36
/KASE, 31.05.17/ – Бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 24 мамырындағы шешімімен, оның жаңа құрылымына сәйкес, KASE ресми тізімінде орналасқан, бағалы қағаздарды бөлу кестесі бекітілді. 2017 жылдың 30 мамырында болып өткен Листингілік комиссия жиналысының шешімін ескере отырып, KASE ресми тізімінде орналасқан бағалы қағаздар 2017 жылдың 01 маусымынан бастап келесідей тәртіппен бөлінетін болады. "Негізгі" алаңы: 1)сегіз эмитенттің 10 атау акциялары "Акциялар" секторының "Премиум" санатына кірді; 2)52 эмитенттің 65 атау акциялары "Акциялар" секторының "Стандарт" санатына кірді; 3)51 эмитенттің 242 атау акциялары "Борыштық бағалы қағаздар" секторының "Облигациялар" санатына кірді; 4)үш эмитенттің үш атау облигациялары "Борыштық бағалы қағаздар" секторының "Коммерциялық облигациялар" санатына кірді; "Балама" алаңы: 1)40 эмитенттің 43 атау акциялары "Акциялар" секторына кірді; 2)15 эмитенттің 18 атау облигациялары "Борыштық бағалы қағаздар" секторының "Облигациялар" санатына кірді. KASE ресми тізімінің "Инвестициялыұ қорлардың бағалы қағаздары", "Халақыралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" және "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторларында орналасқан бағалы қағаздар KASE ресми тізімінің "Аралас" алаңының тиісті секторларына ауыстырылады. Аталмыш кесте KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/mix/reclassification_listing_010617.pdf мекен-жайында орналасқан. Жаңа редакциядағы Листингілік ережелер KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/listing_rules_new_010617.pdf мекен- жайында орналасқан. [2017-05-31]