KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOD = 312,22 (+0,99), CNYKZT_TOD = 45,9600
31.05.17 11:37
/KASE, 31.05.2017/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0
теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен
(EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен
(EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD)
қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы
құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE
валюта нарығының 19 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы
бір долларға 312,22 (+0,99 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі
– 37 500 мың USD (+9 200 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған
жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен және еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір
юаньға 45,9600 теңгені, сауда-саттық көлемі – 100 мың юаньді құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік
сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік
сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе
олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.
[2017-05-31]