"Сбербанк Росcии" Еншілес Банкі АҚ ТОО "DALA-FRUIT.KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 1,70 млрд теңге қаржыға несие желісін ашуға келісім-шартқа қол қойғаны туралы хабарлады

30.05.17 16:52
/KASE, 30.05.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Сбербанк Росcии" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Сбербанк және "DALA-FRUIT.KZ" 1,7 миллиард теңге сомасына кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды. Қаражат Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында жалпы сақтау көлемі 8200 тоннаны құрайтын жеміс сақтау қоймасын салуға жұмсалады. Сонымен қатар, қаржылық келісім заемшының тоңазытқыштық және сұрыптаушы құрал-жабдықты сатып алуын қарастырады. "Аймақтық ШОБ жобаларын қолдау және дамыту – бұл импортты алмастыру міндеттерін шешудің маңызды аспектісі, – деп "Жинақ банкі" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев атап көрсетті". – Жеміс сақтау қоймасын салу аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы түрде ықпал етеді. Біз бұл жобаға зор дайындықпен қолдау көрсеттік, ол еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді". "Бөлінген қаражатқа біз бірегей ғимарат салдық және өнеркәсіптік тоңазытқыштық қоймаларға арналған құрал-жабдық сатып алдық, – деп айтты "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС Директоры Сапарбек Ержигитов. – Реттелетін газ ортасы бар жеміс сақтау қоймасы жемістердің сапалық қасиеттерін жоғалтпай сақтауға мүмкіндік береді. Бұл технология қазақстандықтарды жыл бойына жергілікті жемістермен қуантуға тамаша мүмкіндік береді". "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС жоғары технологияларды пайдалана отырып, алма өсіруге және сақтауға маманданған. Компания жылына шамамен 6 мың тонна алма өндіруды жоспарлап отыр. "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС-ның 106,5 гектар бау-бақшасының аумағына 215 мың жеміс ағашы отырғызылған. Компанияның бау-бақшасы заманауи техникамен жабдықталып, тамшылатып суару жүйесі бойынша жұмыс істейді. цитата соңы [2017-05-30]