"AltynEx Company" АҚ акционерлерінің 2017 жылдың 30 маусымында жылдық жалпы жиналысы өтеді

30.05.17 15:22
/KASE, 30.05.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AltynEx Company" АҚ (Ақтөбе обл., одан әрі – компания), биржаға (KASE), 2017 жылдың 30 маусымында сағат 13.00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетінін хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе: 1) компанияның 2016 жылға жылдық қаржылық есебін бекіту; 2) компанияның 2016 жылға таза табысын бөлу, өткен жылдардағы бөлінбеген табысын бөлу тәртібін бекіту туралы және жай акциялар бойынша дивиденд төлеу ; 3) 2016 жылға компанияның жылдық есебін бекіту; 4) Компанияның жарғысына өзгертулер енгізу,компанияның жарғысына өзгертулерге қол қоюға және оны тиісті мемлекеттік тіркеуші органдарда тіркеуге Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Есенбаева Гүлнара Төлегенқызына уәкілеттігін беру; 5) Компанияның корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін; 6) компания акционерлерінің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінулері туралы; Аталмыш жиналыс: Ақтөбе обл., Мұғалжар ауданы, Алтынды кенті, компанияның мәжіліс залы мекен-жайында болып өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 11:00-ден басталады. Аталмыш жиналысқа қатысушылардың тізімі 2017 жылдың 26 маусымындағы жағдайы бойынша жасалды. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жайда 2017 жылдың 01 шілдесінде сағат 11:00-де жоғарыда аталған мекен-жайда өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-де басталады. Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/ATEC/atec_meeting_info_300617.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2017-05-30]