Бүгін Қазақстан қор биржасында "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес Банкі KZP02Y03E650 облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

30.05.17 10:38
/KASE, 30.05.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес Банкі (Алматы) KZP02Y03E650 (KZ2C00003887; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 25.05.17 – 25.05.20; тиянақталған жартыжылдық купон, жылдық 15,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. ----------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZP02Y03E650 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 10 000,0 – орналастырылған: - Айналыста болудың алғашқы күні: 25.05.17 Айналыста болудың соңғы күні: 24.05.20 Өтеудің басталу күні 25.05.20 Айналыста болу мерзімі: 3 жыл (1080 күн) Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет Купон мөлшерлемесі жылдық 15 % Купонды төлеу күні: 1 25 қараша және 25 мамыр Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ------------------------- Сауда-саттық күні: 30.05.17 Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 10 000,0 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, 0 %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:00 Кесім уақыты: 15:300 Төлеу уақыты: 30.05.17 Төлем уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі кесімді бағаға тең қарама -қарсы өтінімдердің шектеулі бағасы немесе сатып алушыға қолайлы баға бойынша Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "Цесна Капитал" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы - Сауда-саттық жүйесі тобы - ----------------------------------------------------------------------- Арнайы мамандандырылған сауда-саттық аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілген соң өткізіледі. Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпаратпен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/HCBNb3 мекен-жайында танысуға болады. [2017-05-30]