"Қазақстан Даму Банкі" АҚ "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС Шымкент мұнай өңдеу заводын жаңарту және қайта құрылымдау жобасын қаржыландыру үшін несие желісін ашқаны туралы хабарлады

24.05.17 16:32
/KASE, 24.05.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - Банк, ҚДБ) "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-нің (бұдан әрі - ПҚОП) Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жобасын қаржыландыру үшін несие желісін ашты. 13 жылға дейінгі мерзімге ҚДБ қарызының жалпы сомасы 932 млн АҚШ долларын құрайды. Жалпы құны 1,9 млрд АҚШ доллары болатын жоба Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы аясында қаржыландырылады. Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту және қайта жөндеу екі кезеңмен жүзеге асырылады: бірінші кезеңде Кеден одағы елдерінде қабылданған К4 және К5 (Еуро-4 және Еуро-5 баламасы) экологиялық класты бензин мен дизель отынын шығаруды реттеу жоспарланған, екінші кезеңде мұнай өңдеу тереңдігін, сондай-ақ қуатын жылына 5,250 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған. Бұған дейін ҚДБ Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен Павлодар мұнай- химия зауытының (ПМХЗ) қуаттылықтарын қайта жөндеу және жаңғырту жобаларын қаржыландырды. Банк тарапынан ПҚОП қоса алғанда Қазақстанның үш МӨЗ-ін жаңғыртуды қаржыландырудың жалпы сомасы 752,73 млрд теңгені құрайды. цитата соңы [2017-05-22]