Банк ВТБ (Қазақстан) Еншілес ұйымы АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 12 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады

25.05.17 12:14
/KASE, 15.05.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ (Қазақстан) Еншілес ұйымы АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2017 жылдың 25 мамырындағы төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды. цитата басы "Даму Оптима" ішінара кепілдік беру бағдарламасы " Бизнесің жол картасы – 2020" басым салаларға кірмейтін кәсіпорындарға кепіл жеткіліксіздігі мәселесін шешуге жол ашатын кредиттік кепілдік алу өтінішін беру мүмкіндігін ұсынады. - Енді бизнесін дамытуға кредит ресімдеу үшін кепілді қамтамасыз етуге қолында жеткілікті көлемі жоқ банк клиенттері "Даму" Қорының кепілдігімен қаржыландыруға қол жеткізе алады. Банк ВТБ (Қазақстан) және "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры арысында 2017 жылғы мамыр айында тиісті келісімге қол қойылды. Біздің Қормен арадағы ынтымақтастығымыз біздің клиенттеріміз үшін де, сондай-ақ Банк пен Қор үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Бірлесе күш жұмылдыра отырып, біз еліміздің шағын және орта бизнесін дамыту жолында ілгері жылжудамыз – деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло. "Даму Оптима" бағдарламасы сауда, қызмет, қоғамдық тамақтандыру және басқа салалардағы шағын және орта кәсіпорындарына арналған. - Кредит алған кезде кепіл мүліктің жеткіліксіздігі проблемасы барлық кәсіпкерлер үшін өзекті сұрақ. Егер бұрын басым салаларда жобаларын жүзеге асыратын бизнесмендер кепілдің құнын толтыру үшін "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында " Даму" Қорының кепілдіктерін пайдаланған болса, қалғандарына үшінші тұлғалардың кепілін ұсынуына тура келетін еді. "Даму Оптима" бағдарламасы осы олқылықты түзетуді көздейді. Енді кез келген бизнес саласының кәсіпкерлері "Даму" Қорының кепілдігін ала алады – дейді "Даму" Қорының Басқарма Төрағасы Абай Саркулов. "Даму-Оптима" бағдарламасы бойынша "Даму" қоры кредит сомасынан 50% дейін кепілдіктер береді, инвестицияларға берілетін кредиттің максималды сомасы - 180 млн теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға - 60 млн теңгеге дейін ұсынады. Кепілдік 5 жылға дейін беріледі. цитата соңы [2017-05-25]