Ferro-Alloy Resources Limited (Гернси) GG00BD3DTC15 (GG_FERR) жай акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

25.05.17 11:47
/KASE, 25.05.17/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 24 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша " Ferro-Alloy Resources Limited (әрі қарай – компания) GG00BD3DTC15 жай акциялары енгізілді. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы қосымша хабарланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш акцияларға тиісінше GG_FERR қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Компанияның тіркеушісі Computershare Investor Services (Guernsey) Limited болып табылады. Компанияның қаржылық кеңесшісі "Tengri Capital MB" (Алматы) болып табылады. Команияның негізгі қызметі ванадий рудаларын және ұқсас өнімдерді өңдеу, өндіру және сату қызметі болып табылады. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-05-25]