"Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ KZ1C55990010 (KZ1С00001429, SKSL) жай акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

25.05.17 11:19
/KASE, 25.05.17/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 24 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) KZ1C55990010 (ISIN – KZ1С00001429) жай акциялары енгізілді. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы қосымша хабарланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2016 жылдың 20 ақпанында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, "Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ жарияланған акцияларының саны 1 800 000 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C55990010 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A5599 номерімен енгізілген. Аталмыш облигацияларға тиісінше KZAZ қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. "Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. "Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ негізгі қызметі сақтандыру қызметі болып табылады. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-05-25]