"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Ланкренан Инвестментс Лимитед талап арыз бергені туралы хабарлады

24.05.17 09:56
/KASE, 24.05.2017/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), биржаға 2017 жылдың 23 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: начало цитаты «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Компанияға қарсы Ланкренан Инвестментс Лимитедтің Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз бергені жайында бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламалар болғаны туралы атап көрсетеді. Ланкренан Инвестментс Лимитед өзінің талап арыз мәлімдемесінде А.И. Гладышев мырзаның кандидатурасын тәуелсіз директор лауазымына сайлануына сәйкессіздігі жөніндегі ҚМГ БӨ тағайындаулар жөніндегі комитеттің және Директорлар кеңесінің шешіміне шағымданады. Акционерлердің дауыс беруі үшін тәуелсіз директор лауазымына кандидат ретінде Гладышев мырзаның кандидатурасы сайлау процесіне қатысуға жіберілді және бюллетенге енгізілді. Осылайша, акционерлер ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы ережелеріне сәйкес барлық кандидаттар үшін, Гладышев мырзаны қоса алғанда, дауыс беруге мүмкіндік алды. Сәйкесінше, акционерлердің ешқандай құқық бұзылуы болған жоқ. Осылайша, Компания аталған талап арызды негізсіз деп есептейді. Байланыс ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалды инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Сакен Шошанов e-mail: ir@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Қоғамммен байланыс (+7 7172 97 79 08) Бақдаулет Төлеген e-mail: pr@kmgep.kz Bell Pottinger (+44 203 772 2500) e-mail: KMGEP@bellpottinger.com Генри Лервил цитата соңы [2017-05-24]