2017 жылдың 15 маусымында "Delta Bank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

15.05.17 17:27
/KASE, 15.05.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Delta Bank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2017 жылдың 15 маусымында сағат 11:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады, жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе: Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жай: Алматы қ., Төле би көш., 73а. Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2017 жылдың 05 маусымындағы жағдай бойынша тиянақталады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталам жиналысы жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша 2017 жылдың 16 маусымында болып өтеді. [2017-05-15]