2017 жылдың 24 мамырында "Кселл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

13.04.17 17:18
/KASE, 13.04.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) 2017 жылдың 24 мамырында сағат 10:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы төмендегі күн тәртібімен болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: 1) Жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлау және дауыс беру нысанын анықтау; 2) Акционерлер жиналысының күн тәртібін бекіту; 3) Компанияның жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту; 4) Компанияның есептік қаржылық жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібін анықтау, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына дивиденд көлемін бекіту; 5) Компанияның Директорлар кеңесінің Директорлар кеңесі мен бас атқарушы директоры арасында қызметін бөлісу туралы нұсқаулығын жаңа редакцияда бекіту; 6) Компанияның жарғысын жаңа редакцияда бекіту; Аталмыш жиналыстың өтетін жері: Алматы қ., Тимирязев көшесі, 2Г., компанияның мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 09:00 басталады. Жиналысқа қытысуға құқылы акционерлердің тізімі 2017 жылдың 22 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2017 жылдың 25 мамырында, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша, сол уақытта болады. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібі бойынша материалдармен мына мекен-жайда: Алматы қ,. Самал-2 ш/а, 100 немесе materialsgm@kcell.kz мекен-жайында танысуға болады. [2017-04-13]