"Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамын Халықаралық "GLOBAL FINANCE" басылымы "Қазақстан Халық банкі" АҚ Қазақстанның үздік банкі деп мойындағаны туралы хабарлады

12.05.17 10:48
/KASE, 12.05.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінің жолдады. цитата басы Халықаралық «Global Finance» басылымы жыл сайын жүргізетін зертеулер шеңберінде "Үздік жаһандық банктер" премиясы бойынша ("World Best Bank") "Қазақстан Халық банкі" АҚ (LSE, KASE: HSBK) (бұдан әрі - "Банк") "Қазақстандағы үздік банк" деп таныды. "Global Finance" редакторлары жеңімпаздарды қаржылық көрсеткіштер бойынша – активтердің өсуі және табыстылығы, клиенттер үшін әзірленген жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін ескеріп, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың, корпоративтік қаржы бойынша мамандардың деректеріне және корпоративтік оқырмандарының арасында сауалнама жүргізу арқылы анықтады. Нарықтағы қиын сәттерге қарамастан жақсы қаржы нәтижелерін көрсете отырып және клиенттердің қажеттіліктеріне бейжай қарамай, одан әрі даму мақсатында бір мезгілде инновациялық өнімдерді енгізген банктерді жеңімпаз деп атады. Халық банк басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуы бойынша, "Бұл марапат - біздің нақты жұмысымыздың бағасы, бұл жағдайда, халықаралық сарапшылар қоғамдастығы, біздің мықты қаржылық ұстанымымызды, банкті дамыту мақсатында дұрыс таңдалған стратегиялық бағытымызды растап, объективті түрде корпоративтік басқаруымызды орынды және тәуекел- менеджментке деген байыпты көзқарасымызды көрсетті. Global Finance тарапынан танылған марапат– Халық банкті одан ары дамыту жолында біздерді үнемі қосымша ынталандырып отырады". цитата соңы [2017-05-12]