"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ XS0298931287, US40430AAB98 (HSBKe3) халықаралық облигациялары бойынша $638,0 млн АҚШ доллары көлеміндегі еуроблигацияларды өтегені туралы хабарлады
05.05.17 11:29
/KASE, 05.05.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы),
Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі хабарламаны ұсынды.
цитата басы
"Қазақстан Халық банкі" АҚ (LSE: HSBK) 638,029,000 АҚШ доллары
көлеміндегі соманы құрайтын 10 жылдық Еурооблигацияларды 7.25% купон
мөлшерлемесімен уақытылы толық көлемде өз есебінен 3 мамыр 2017
жылы өтегенін хабарлайды.
"Қазақстанның Халық Банкі" АҚ басқарма төрайымы Умит Шаяхметова өз
пікірін білдірді:
"Халық банкі Еврооблигациялық шығарылымды белгіленген кестеге сәйкес
өз қаражаты есебінен толық көлемде өтеді. Бұл біздің өтімділігі берік
позициямыздың тағы бір жарқын дәлелі деп ойлаймыз. Банк өзінің төлем
міндеттемелерін орындау үшін қосымша қарыз қаражаттарды, халықаралық
немесе жергілікті нарық капиталынан тартуды қажет етпеді. Айта кету керек,
7.25%-ды құрайтын купон мөлшерлемесі қорландырудың қымбат құралы
болып есептеледі. Енді күтілетіні, еврооблигациялық шығарылымды
өтегеннен кейін банк үшін орташа қорландыру құны төмендеуі тиіс, бұл
активтердің табыстылығына септігін тигізеді."
цитата соңы
[2017-05-05]