ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "БАСТ" АҚ KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ 02 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

02.03.17 19:28
/KASE, 02.03.17/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE немесе биржа) шешімімен KASE сауда-саттық жүйесінде АО "БАСТ" АҚ (Шығыс Қазақстан) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, KASE ресми тізімі, екінші санат, BAST) жай акцияларына жазылым жүргізу 2017 жылдың 03 наурызына дейін ұзартылғаны туралы хабарлайды. Аталмыш шешім KASE Басқармасының Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережесінің 7 бабы 2 тармағы негізінде (http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf) биржаның аталмыш акцияларға жазылым барысында сатушы ретінде өкілденген "Фридом Финанс" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Сатушы) сатып алушылардан өтінімді қабылдау күнін 2017 жылдың 02 наурызынан 03 наурызына ауыстыруына байланысты ресми хат алуына байланысты қабылданды.. Орналастырылатын акциялардың саны – 36 886 дана. Аталмыш акциялардың орналастыру бағасы – бір акцияға 30 500 теңгеден. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2016 жылдың 02 наурызында жұмыс күндері, алматы уақытымен сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін. Жазылым кезіндегі бағалы қағаздың коды – BAST. Жазылым шегінде, KASE сауда- саттық жүйесіне жабық әдіспен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Сатушы қанағаттандырылған өтінімдер тізімін қалыптастыру кезеңінде және бағалы қағаздарды сатып алуға келісім-шарт жасау кезінде тексеруді өз бетінше жүргізетін қосымша өлшемдерді белгіледі: - Өтінімнің минималды сомасасы кем дегенде 32 025 000 теңгені құрауы қажет; - Сатып алушы жазылым аясында акцияларды сатып алған күннен бастап 180 күн ішінде барлық сатып алынған акцияларды сату құқығын шектеуге келісім беруі тиіс. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдер тізілімін беру күні – 2017 жылдың 03 наурызы; Сатушының биржаға қанағаттырылған өтінімдер тізілімін беру датасы – 2017 жылдың 06 наурызы; есептесулерді жүзеге асыру датасы – 2076 жылдың 07 наурызы. Есеп айырысуларды "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздардың сатып алушылары бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарий" АҚ 2017 жылдың 07 наурызындағы алматылық уақытпен сағат 09:00-ге дейін шоттарында болуын қамтамасыз етуі тиіс. Жазылымға қатысуға өтінімдерді биржаға "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беруге болады. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында жарияланған. Жазылым өткізу шарттарына сәйкес, аталмыш акциялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпараттың тізіміне келесідей мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлға болып табылатын инвестордың толық атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаны БСН; 3) азаматтығы немесе, заңды тұлға соның заңнамасына сәйкес тіркелген, мемлекет; 4) жеке тұлғаны куәлендыратын / заңды тұлғаның тіркеуін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері (тұрпаты, нөмірі, берілген күні және құжатты берген орган); 5) Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бар, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпия болып табылмайтын, өзге ақпарат. [2017-03-02]