"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өзінің XS0298931287 (US40430AAB98, HSBKe3) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

03.05.17 15:20
/KASE, 03.05.17/ - "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2017 жылдың 03 мамырында өзінің XS0298931287 (US40430AAB98, HSBKe3) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 661 157 551,25 еуроны, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 638 029 000,00 еуроны, купондық сыйақысы – 23 128 551,25 еуроны құрады. [2017-05-03]