NOSTRUM OIL & GAS PLC Компаниясы (Біріккен Корольдігі) Компанияның атқармаушы директорының атқарған лауазымы туралы ақпарт ұсынды

03.05.17 11:09
/KASE, 02.05.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған NOSTRUM OIL & GAS PLC Компаниясы (Лондон), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Каспий маңы бассейнінде мұнай мен газды өндірумен айланысатын тәуелсіз мұнай газ компаниясы Nostrum Oil & Gas PLC (Лондон қор биржасы: NOG) ("Nostrum", немесе "Компания"), бүгін 2017 жылдың 26 сәуірінде өзінің хабарламасына қосымша туралы және Компанияның атқармаушы директоры етіп Майкл Кальвиді тағайындағаны туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта Кальви мырза биржада акциялары ашық белгіленген төмендегі компаниялардың директоры болып табылады: •Volga Gas PLC; және •Etalon Group Limited. Кальви мырза басқа компанияларда басқа лауазымдар атқармайды, және соңғы бес жылдың ішінде атқармаған. Компания Кальви мырзаға қатысты Листинг ережесінің 9.6.13 тармағына сәйкес ашылуы тиіс ақпарат жоқ екендігін растайды. Қосымша ақпарат алу үшін www.nog.co.uk сайтында танысуға болады. цитата соңы [2017-05-03]