"Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ XS0298931287, US40430AAB98 (HSBKe3) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

03.05.17 10:28
/KASE, 03.05.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың 03 мамырынан бастап "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ (Алматы) XS0298931287, US40430AAB98 (KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты; HSBKe3; $638 029,0 тыс.; 03.05.07 – 03.05.17, жарты жылдық купон жылдық 7,25 %, 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2007 жылдың 13 қыркүйегінен бастап "А" санатына, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздары" санатына, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздары" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2010 жылдың 26 ақпанынан бастап ашылды. [2017-05-03]