"КазАзот" АҚ KZ1C60440019 (KZ1С00001395, KZAZ) жай акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

27.04.17 17:03
/KASE, 27.04.17/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 27 сәуіріндегі шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "КазАзот" АҚ (Ақтау) KZ1C60440019 (ISIN – KZ1С00001395) жай акциялары енгізілді. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы қосымша хабарланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2016 жылдың 20 ақпанында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, "КазАзот" АҚ жарияланған акцияларының саны 100 000 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C60440019 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A6044номерімен енгізілген. Аталмыш облигацияларға тиісінше KZAZ қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. "КазАзот" АҚ қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. "КазАзот" АҚ негізгі қызметі минералдық тыңайтқыштарды өндіру, мұнай мен газды өндіру және барлау болып табылады. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-04-27]