"SKYBRIDGE INVEST" АҚ ЖӘНЕ "HALYK FINANCE" АҚ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

11.04.17 17:04
/KASE, 26.04.17/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) (әрі қарай-Эмитент) халықаралық облигацияларының жетекші менеджерлері мен букраннерлері болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "SkyBridge Invest" (Алматы) және "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ) Қазақстан қор биржасына (KASE) шет елдік заңға сәйкес тіркелген облигацияларды орналастыруға қатысуға өтінім қабылдау туралы ресми хабарлама ұсынды. Төменде аталмыш облигациялар параметрі, сондай-ақ, KASE "Skybridge Invest" АҚ және "Halyk Finance" АҚ ұсынған, Қазақстанда облигацияларды ұсыну тәртібі келтірілген. ... Осымен "Қазақстан қор биржасы" АҚ "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Эмитент) Орта мерзімдік Жахандық нот шығарылымы бойынша жалпы сомасы 10 500 000 000 АҚШ доллар (он миллион бес жүз мың) Бағдарлама аясында және шет ел мемлекетінің заңына сәйкес Еурооблигацияларын (әрі қарай- Еурооблигациялар) алғашқы орналастыруға қатысуға Биржа мүшелерінен өтінім қабылдаудың басталуы туралы хабарлайды. Барлық өтінімдер инвесторлардан Қазақстан қор биржасына "Жазылым" сауда-саттық жүйесі арқылы қабылданады. Әлеуетті инвесторлардан Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған нарығында өтінім қабылдау бір уақытта шет елдік мемлекет аумағында еурооблигацияларды еурооблигацияларды орналастыру бағасын анықтау жағдайында, бағалы қағаздардың тиісті нарығына тиесілі ерекшеліктерді ескере отырып, орналастырумен басталады. Бірлескен менеджерлер мен бірлескен Букраннерлер: Citi (B&D), Deutsche Bank, UBS, Halyk Finance, SkyBridge Invest ... Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1331116 мекен-жайында танысуға болады. [2017-04-19]